«Жетістіктер жинағы» аясында азаматтардың оқиғалары рубрикасы

Жетістіктер жинағы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің міндеттерінің бірі Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау болып табылады.

Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментімен өңірдегі жергілікті атқарушы және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріне БАҚ өкілдерін тарта отырып, Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Осы ретте, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы арқылы 2024 жыл ішінде 70 ке жуық жүгінулер келіп түскен.

Одан бөлек, Департамент кеңсесіне келіп түскен арыз шағымдарға сәйкес, қала тұрғындарының құқықтары қалпына келтірілуде.          Мысалы: «Медициналық ұйымдарға тіркелу», «Кәмелетке толмаған балаларының мүлкіне иелік етуге рұқсат беру», «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының бірігуіне байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» және т.б. көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша шағымдар түскен. Осы орайда, Департаменттің араласуымен аталған мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.