Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғастыру маңыздылығын және барлық мемлекеттік орган жұмыстың жаңа форматына белсенді кірісіп, оларды іс жүзінде қолдануы керектігін атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларымен тереңірек танысу мақсатында бас қосты.Пікірталас форматында өткен дәрісті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы, Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Есиркепова Алтын Махмудқызы жүргізді. Еске сала кетейік, Алтын Махмудқызы еліміздегі ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару бойынша басшылық» ұлттық стандарты бойынша сертификатталған жаттықтырушы болып табылады, I деңгей – «жоба жетекшісі», IV деңгей – «жаттықтырушы-кеңесші», сондай – ақ I деңгей – «PRINCE 2 Foundation» сертификаттауынан өткен білікті маман. Қазіргі таңда профессор тыңдаушыларының 100%-ы жобалық басқару бойынша сертификаттаудан сәтті өтіп келеді.Дәріс барысында, жобаны басқару, жоспарлау, оның кезеңдері мен SMART мақсаттарды дұрыс түзу тұжырымдамасы бойынша түсініктемелер беріліп, қызметкерлерді қызықтырған сұрақтар бойынша жауаптар берілді.Сонымен қатар, Депараменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы, әрі IT маманы Ерболат Қазбек бұлтты платформаның мүмкіндіктерімен, онымен жұмыс жасау жайында ақпарат беріп кетті.Басқосуды қорытындылай келе, Департамент басшысы Али Амантайұлы Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметтің іс жүзінде сервистік және тұтынушыға қолайлы болуы үшін қызметшілердің жобалық басқару негіздерін меңгеруін, әрі қызметте енгізу тетіктерін қарастыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.
ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті