Жолдардың жаңа дәуірі: Түркістан қаласының инфрақұрылымын жақсарту

жаңа дәуірі

Түркістан қаласының жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері әкімдіктің күн тәртібінен түскен емес. Жақында қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Түркістан облысы филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевты қабылдап, екі жақты ынтымақтастық пен жолдар мәселесін талқылады.        

Кездесу барысында әкімдіктің жол құрылысын және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жобалары сөз болды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 21,2 шақырымдық учаскесі Түркістан қаласының теңгеріміне қабылдануы үшін қажетті жұмыстарды жүргізу мәселесі талқыланды. Әзімбек Пазылбекұлы, өз кезегінде, жол бойында қоқыстар мен қураған шөптердің бар екенін айтып, оларды тазарту жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, әкім жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршамдар, жол белгілері мен жарықтандыру жүйелеріндегі кемшіліктерді жою қажеттігін атап өтті. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Түркістан тұрғындарының жайлы өмір сүруі мен қауіпсіздігі үшін, инфрақұрылымды дамыту барысында жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет болып отыр.

Кездесуде әкім “Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі қала теңгеріміне өтетін 21,2  шақырымдық жолдың 3 шақырымының темір қоршауын сырлау жұмыстары жүргізілуі қажет. Сондай-ақ,  жол апатынан зақымдалған,  тозығы жеткен жол белгілерін орнатып, істен шыққан 124 жарықшам қалпына келтірілуі тиіс. 21,2 шақырымдағы жол бөлу сызбалары қайта жаңартуды қажет етеді. 10 бағдаршам тұсындағы жол жабындысына жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс”, — деп атап өтті. Осының барлығы жол инфрақұрылымын жақсарту мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қадамдар.

Кездесудің нәтижесінде әкім қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағытында жол инфрақұрылымының сапасын арттыру үшін барлық шараларды қолға алуды тапсырды. Тек жолдың сапасын ғана емес, жол бойындағы тазалық пен жарықтандыру мәселелерін де назарда ұстау маңызды. Түркістанның дамуына ықпал ететін заманауи инфрақұрылым құру арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру көзделуде.

Әкімнің басшылығымен атқарылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған шаралар Түркістан қаласын дамыту мен тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған, сондықтан бұл мәселелердің шешімі өте маңызды. Жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету – қала әкімдігінің басты міндеттері болып қала бермек.