Жігіт пен қыздың арасындағы жанжал айыптау үкімімен аяқталды

жанжал

Ағымдағы жылы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Осы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстарды жасағаны үшін 34 адам сотталды, оның ішінде: 20 — қоғамдық жұмысқа, 9- айыппұл салынды, 3-қамауға алынды, 2-бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Мысалы,  27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісі сотпен қаралды.

Құқық бұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Астана қаласының прокуратурасы