Карантинге қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен лоунж бар анықталды

Карантинге қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен лоунж бар анықталды деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД


Шымкент қаласы Бас санитариялық-дәрігердің қаулысын орындау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері жергілікті тұрғындардың карантин режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен полицейлерден жасақталған мобильдік топтар қоғамдық орындар мен жеке кәсіпкерлік нысандарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, тәртіп сақшылары Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру кезінде карантиндік шектеулерге қарамастан қызмет көрсеткен лоунж барды анықтады.
Полицейлер жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақтады. Тиісті шара қабылдау үшін құжаттар Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Өз кезегінде полицейлер карантин режимін сақтауды ескертеді.