Аталған іс- шараға Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы Қаныбеков Болат Бахадурұлы және полиция подполковнигі Жаппаров Ерлан Артықұлы, полиция майоры Базарқұлов Бөгенбай Нурғалиұлы, Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы Есенқұлова Эльмира Қанатқызы әкімдік аппаратының қызметкерлері, гендірлік саясат, білім бөлімі, жастар саясаты, ішкі саясат,әлеуметтік-психологиялық суйемелдеу орталығы, колледж студенттері, еріктілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым мүшелері, аналар, әжелер төрайымдары қатысты.
Жиын барысында полиция қызметкелері отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға өздігінен полицияға жүгіне алмаса немесе көмекке мұхтаж болса «КӨМЕК ҚАЖЕТ » деген белгіні көрсету арқылы көмекке шақыруға болатындығы жөнінде түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгертулер енгізілгендігі жөнінде де бірқатар түсініктемелер беріліп, заңдық тұрғыдан ақпараттар таратылды.
Жиын соңында, Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Болат Қаныбеков, қазіргі өзгертулер енгізілген заңға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталатынын, тілге тиек етіп, азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырды.