«Біздің мекен болашаққа бастар жол!» атты  жылдық есеп концерт өтті

Бүгін Шымкенттегі №2 Оқушылар сарайының жыл бойы атқарылған жұмыстары бойынша есептік концерт өтті. Концерттің ашылуы №2 Оқушылар сарайының жас барбаншыларының әуенді композициясымен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Асқар Молдабек, Лазиз Сулайманов, Шымкент қаласы «Дарын» орталығының директоры Раушан Джеренова, Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов, №2 Оқушылар сарайының қамқоршылық кеңесі, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары және БАҚ өкілдері, ата-аналар  қатысты.  

Іс-шара барысында Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектептің фойесінде Оқушылар сарайының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Үйірмелер: қолөнер, қыш үйірмесінің заттары, көркем сурет, ағаш, робототехника, смартроботехника, гидропоника, КИП автоматика, 3D моделдеу, экология, биотехнология, физика және химия үйірмелерінің соңғы заманауи үлгідегі құрылғылар (виар очки, лапороскопия). Аталмыш үйірмелердің білім алушылары келген қонақтарды өз жұмыстарымен таныстырды.

3D моделдеу үйірмесінде оқушылардың  адам бейнесін анимациялау жұмыстары көрсетілді. Іс-шараға 500-ден аса оқушы қатысып, олардың жетістіктері көрсетілді. Жиын соңында жыл бойы атқарған  еңбегі мен жетістігі үшін ұстаздар Шымкент қаласы мәслихатының, білім басқармасының, «Аманат» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.