Жалпы бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы №101 және №124 мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді.
Кездесуге Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігері, дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы қатысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, осы кездесде Шымкент қаласының №3 жоғарғы спорт шеберлігі мектебі мен №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары нәтижеге қол жеткізген спорт шеберлері оқушыларға өз тәжірбиелерімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды.
Сондай ақ аудандағы бірқатар №104, №105, №100 және №134 мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде кездесу өткізілді.
Кездесуге Шымкент қаласының психикалық орталығының нарколог-дәрігері қатысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, осы кездесу барысында жасөспірімдер толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты және спорт шеберлері оқушыларға өз тәжірбиелерімен бөлісіп, балаларды спортпен шұғылдануға шақырды.