Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Жастардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алуда құқық қорғау органдарымен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ата-ананың жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуінен үлкендерге арналған көңіл көтеру орындарында кәмелет жасқа толмағандар жиі кездесіп жатады. Осындайда түнгі уақытта ата-аналар баланы қадағалауды естен шығармаса дұрыс болар еді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Циолковский атындағы N84 жалпы орта білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұлдар жиналысы өткізілді.Жиналыста ұлдардың тәртібі,сабаққа қатысуы,құқықбұзушықтың алдын алу,қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері,қоғамдық ортадағы ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ахметова Мектеп психологы А.Мархабаева,сынып жетекшілері, мектеп медбикесі қатысты. Күн тәртібінде мектептің ішкі тәртіп ережелерін таныстырып,оқушылардың сабаққа қатысуын,қарым-қатынасын мәдениетін,мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Жолда жүру ережелері,бала өмірінің қауіпсіздігі,тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді. Құқық бұзушылық және жауапкершілік мектебімізде адал ұрпақ оны болдырмау мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар жүргізуде. Оқушылар арасында “Құқық бұзушылыққа жол жоқ“ тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.