Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті.Жиын барысында Президент Жолдауы жеті тарау және бес бастаманы қамтитыны, әр тараудың өзіндік маңызы бар және де мемлекет экономикасының өркендеуі, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің артуы, ұстаздарды қолдау және оқушыларға сапалы білім беру мәселесі т.б. мәселелері туралы тапсырма берілгенді аталып өтті.Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздарға ерекше екпін берді. Жиында бүгінгі таңда педагог мәртебесінің бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым жоғарылағандығын және жалақасының жылдан-жылға өсімінің бар екенін айтылды.Мемлекет басшысы өз жолдауының түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітті.Мектеп ұжымы ҚР Президентіне қолдау білдірді. Президентіміздің бастамаларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.
Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы