Елімізде, қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы қылмысы екендігі мәлім. Сондықтанда аталған мәселені Мемлекет басшысы да өз назарына алып отыр. Мал ұрлығы қылмысының алдын алу — жүйелі түрде іс-шаралардың ұйымдастырылуын қажет етеді.
Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаментінде Криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Үсіпбеков Асанұлының төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға басқарма прокуроры Тайыр Құрасбек, Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысының м.а. Алмас Аширов ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Мырзаханов, криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, ЖПҚБ , КПБ жеке құрамы және қала аудан полиция бөлім басқарма басшылары қатысты
Іс-шарада Қазақстан Республикасының «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламасы» қортындыланып, 2023 жылдың 11 айында мал ұрлығы қылмыстарын алдын-алу бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлескен профилактикалық іс-шара жүргізу сапасына талдау жасалды. Өз кезегінде Криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары Амантаев Ердаулет пен Ветеринария басқармасы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мырзаханов Нұрсұлтан аталған мәселе бойынша баяндама жасап, жұмыстың атқарылған есебімен таныстырды.
«Мал ұрлығы қылмысымен күресудің ең тиімді жолы ол – профилактика. Осы профилактикалық жұмыстарды атқару барысында Түркістан облысының полиция департаменті тарапынан «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған ведомстволық бағдарлама» кезең кезеңмен жүзеге асырылды» -деп Ердаулет Дарханұлы өз пікірін білдірді.
Сонымен қатар алдағы уақытта бұл профилактикалық шаралар тоқтап қалмай өз жалғасын табатындығын және Ветеринария басқармасы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімімен бірлесе отырып қызмет атқаратындығын жеткізді.