Шымкентте жыл сайын төрт рет масаға қарсы күрес жүргізіледі. Бұл жылы да жоспарға сай шаһарда залалсыздандыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта қала қазынасынан 101 млн теңге қарастырылған екен. Енді бұл қаржыға Шымкенттегі саябақ, гүлзар, өзен-көлдер аумағы дәріленеді.
Шыбын шіркейді жою жұмыстары қаланың өкпесі саналатын Дендро саябақтан басталды. 117 гектар жерді алып жатқан бақта жасанды көл де бар. Аталған аймақты мамандар 3-4 күнде дәрілеп шықпақ. Қаралған қаржыға қала бойынша 1 млн 300 мың шаршы метр өзен-канал бойлары залалсыздандырылып, 3,5 млн шаршы метр саябақтар мен скверлер дәріленеді деп жоспарлануда.
Айта кету керек, Шымкентте жалпы 45 гүлзар, 12 саябақ , 35 өзен мен канал, 2 су қоймасы бар. Алдағы 15 күнде осы аумақтарда толық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмекші. Ал, көпқабатты үй аулалары мен жеке секторларға масаға қарсы дәрі себілмейді. Оны тұрғындар өз қаржысына жүргізеді. Шыбын-шіркей, масаға қарсы кординал дәрісі себілуде. Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып танылған «SATTI TULIK» ЖШС жүргізуде. Залалсыздандыру жұмыстары 10 күнге жалғасады