Мақтаарал ауданық полиция бөлімінің бастығы Есімжан Үсенбекұлы Надиров 2023 жылы 12 ай көлемінде атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша жедел кеңес өткізді. Жиынға, Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Насырханұлы Асанов, ауданы прокуроры Айтболат Тайырханұлы Досаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жедел кеңесте, Мақтаарал аудандық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев, полиция подполковнигі Азат Мұсырманқұлов, полиция подполковнигі Шоқан Сәруар, полиция подполковнигі Сержан Оспановтар баяндама жасады. Аталған қызметкерлер аудан көлемінде орын алған құқықбұзушылықтардың түрлі саласына тоқталып өтіп, жыл қортындысы бойынша жасалынған қылмыс саны төмендегенін атап көрсетті.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары басшылыққа қызмет бабында қолданылатын заманауи техника түрлерімен көптеп жабдықтау мен профилактика жылында халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізуді ұсынды. Жиын қортындылаған Есімжан Үсенбекұлы барлық қызметкерлерді өз ісіне адал болып, қызметтерін кәсіби біліктілікпен атқаруға және биылғы жылы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі