Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция департаментінің қызметкерлері балаларға арналған сый-сияпаттарын алып №1 өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына барып қайтты.
Погон таққан аға-әпкелерінің келетінін естіген бүлдіршіндер әсем шырша құрып, концерттік бағдарлама әзірлеп жоғары деңгейде дайындалған екен.
Мерекелік шара кезінде ән де шырқалды, би де биленді, тақпақ айтылып, үлкендер мен кішілер балаша ойын ойнады.
Керемет көңіл күйден кейін департамент бастығы Думан Таев жеткіншектерге жүрек жарды тілегін айтып, жаңа жылмен құттықтады.
Сыйлықтарын алған балалар түрлі эмоцияға бөленіп, аға-әпкелеріне шынайы ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі