Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2020-2021 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!

Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2020-2021 оқу жылына грантқа түсуге шақырады деп хабарлайды ҚР МҚІА Шымкент қаласының департаменті


🎓Магистратура:
1 жыл:
-MPA «Мемлекеттік басқару»
-EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей)
-MIR «Халықаралық қатынастар»
-EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей)
-MRD «Өңірлік даму» (өндірістен қол үзбей)
2 жыл:
-MPP «Мемлекеттік саясат»
-ME «Экономика»

🎓Докторантура: 3 жыл
-DPA «Мемлекеттік басқару»
-DIR «Халықаралық қатынастар»

📝Қажетті құжаттар тізімі:
1️⃣Өтініш
2️⃣Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі
3️⃣Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес)
4️⃣Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат
🔹Магистратура үшін:
IELTS немесе IELTS indicator-4.0
TOEFL PBT-437
TOEFL IBT-41
APTIS-B1/4.0
🔹Докторантура үшін:
IELTS немесе IELTS indicator 5.5
TOEFL PBT-513
TOEFL IBT-65
APTIS-B2/5.5
Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер бұл талаптан босатылады.
5️⃣ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ
6️⃣Мемлекеттік органның жолдамасы;
7️⃣Жазбаша жұмыстар:
-докторанттар үшін – зерттеу жұмысының жоспары
-магистранттар үшін конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде жазылады.

📚Ағылшын және қазақ тілі бойынша көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда үміткерлердің құжаттарды тапсыру кезінде www.apa.kz сайтында 23 наурызға дейін Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкіндіктері бар.

✅ Дайындық курстары Академия сайтында www.apa.kz онлайн тіркеуден өткен үміткерлер үшін ғана қолжетімді болады. Курс 3 модульді қамтиды:
📎Академиялық хат жазу және көпшілік алдында сөз сөйлеу
📎Ағылшын тілі
📎Ресми-іскерлік қазақ тілі

🔗Pre-sessional курстары туралы толық ақпаратты#presessional2021 хештегі бойынша таба аласыздар.

👍🏻Академияда оқудың артықшылықтары:
-лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы;
-шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
-Академияда оқитындарға арналған жатақхана;
-оқу уақыты мемл.қызмет өтілі ретінде есептеледі;
-жұмыс орнының сақталуы;

✅Құжаттар қабылдау онлайн түрде 5 маусымға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат www.apa.kz сайтында.