Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік органнан келіп түскен құжаттарды зерделеу барысында, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет берудің мерзімін созбаландыққа салып, негізсіз кешіктіргендігі анықталды.
Осыған байланысты, ҚР Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңына сәйкес, аталған Басқарманың лауазымды тұлғасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, салынған айыппұл толығымен мемлекет бюджетіне төленді.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан халыққа қызмет көрсетуде әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігі және мекеменің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен бюрократиялық мәселелерді жою бойынша ұсыныстар берілді.