Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс-шарасы өткізілді.Іс-шарада «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Тәуелсіздік жылдарындағы» мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала өтіп, оған өзіндік үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлердің кәсіподақ белсенділеріне филиал наградаларын табыстады.Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Қаратау ауданының әкімі Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы, «Құрмет грамотасымен» аудан әкімінің орынбасары Бекназаров Ерлан Нұрланұлы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас есепшісі Сейдалиев Азамат Әлімұлы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Сейдуалиев Руслан Оспанұлы және «Алғыс хатпенн» кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің әдіскері Қалданбай Айнұр Бахадұрқызы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің статисі Мұхтар Есен Мақсұтұлы марапатталды.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы