Мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады

Әр  жаз халықтың басым бөлігі  оқу мен жұмыстан демалыс алып, саяхаттау маусымын ашық деп жарияласа, түркістандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері үшін жұмыстың нағыз қызған шағы. Өйткені біреулер шетелге шығу үшін құжат жасатса, енді біреулері демалысын пайдаланып, қордаланып қалған жұмыстарын бітіруге асығады. Дегенмен, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  аясында іске асқан тың жобалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттерін жеңілдете түскен.  

 Енді тұрғындар  жаздың  аптап ыстығында құжат түгендеу үшін әбігерге түспейді. Мамандар мемлекеттік қызметті оңтайландыру үшін азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы бірқатар қызметтерді онлайн қолжетімді етті.

Жеке куәлік пен паспорт рәсімдеуден басқа мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болады. Мысалы, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, автокөлік сатып алу және тіркеу, түрлі жәрдемақылар тағайындау, тұрғын үй көмегі, студенттерді уақытша тіркеу, медициналық анықтамалар беру секілді мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан көбін egov.kz  порталы арқылы рәсімдеуген болады. Бұл қызметтер телеграм-бот, сондай-ақ Kaspi.kz және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы да қолжетімді.

Тіпті кейбір қызметтерді алуға ЭЦҚ талап етілмейді. Бір реттік құпиясөз арқылы да ала аласыз. Бұл жүйе азаматтардың уақытын үнемдеп қоймай, мамандардың жұмысын жүйелегеуге де сеп болып отыр. 

         «Мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты азаматтар 1414 нөміріне хабарласып ала алады, онда оларға ХҚО операторы кеңес береді. Бүгінде байланыс орталығының жұмысына мемлекеттік корпорацияның тәжірибелі қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар, қызмет алушылар электронды қызметтерді egov.kz порталында, eGov mobile, EgovKzBot мобильді қосымшаларының, Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері чат-боттар арқылы ала  алады. 

Ntime.kz