Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының ұйымдастыруымен Жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты кеш өткізілді.Салтанатты кешке «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, салалық кәсіподақ төрайымы Лариса Тургинбаева, А.С.Пушкин атындағы мектеп лицейдің ботаника пәннің мұғалімі және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, ұстаздар арасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Еңбек Ері Алина Соловьева, білім ұйымдарының қызметкерлері қатысты.Мерекелік кеште Шымкент қаласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі және жемісті ынтымақтастығы үшін Шымкент қалалық комитетінің 50-ден астам мүшесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелеріне Қазақстан салалық білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталары, алғыс хаттары, күміс және алтын медальдары табысталды. Бұдан бөлек, кәсіподақ мүшелері Шымкент қаласы әкімінің, қалалық мәслихат хатшысының, «Nur Otan» партиясының Алғыс хаттары, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Құрмет грамоталары, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медальдарына ие болды.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы