МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

МҚҰ облигацияларын

Соңғы жылдары Қазақстанның микроқаржы секторы құрылымдық өзгерістер мен тұрақты өсім көрсетіп келеді. Сонымен қатар, қор нарығындағы жеке инвесторлардың мінез-құлқы да өзгеруде. Инвестицияларға деген көзқарастың қалай өзгеріп жатқанына «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) мамандары талдау жасады. 

Микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қор нарығына шығып, теңгемен және АҚШ долларымен өз облигацияларын орналастыруы саланың жетілгендігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып отыр. Жоғары табыстылық ұсынатын бұл құралдар бөлшек инвесторлар үшін жаңа тартылыс нүктесіне айналды.

Инвесторлардың жаңа әдеттері

Осыдан 3-5 жыл бұрын ғана МҚҰ облигацияларына негізінен институционалдық инвесторлар қызығушылық танытса, бүгінде сұраныстың белсенді бөлігін жеке тұлғалар құрап отыр. KASE деректері бойынша, корпоративтік облигациялардың бастапқы және қайталама нарығындағы жеке инвесторлардың жалпы үлесі 19%-дан асады.

Айтпақшы, Орталық депозитарийдің (KCSD) деректері бойынша, 2025 жылғы 1 мамырда депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттардың саны 4 миллионнан асқан. Тек 2025 жылғы сәуір айының өзінде шоттардың саны 93 662-ге немесе 2,4 %-ға артқан.

Депозитарийдің нақтылауынша, инвесторлардың ең көп бөлігін дәстүрлі түрде 35 жастан 54 жасқа дейінгі жас тобы құрайды екен, ал екінші орынды — 25 жас пен 34 жас аралығындағы, үшінші орынды 55 жастан асқан инвесторлар иеленеді. Инвесторлардың ең көп саны Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысына тиесілі.

Сонымен қатар, «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) талдаушылары жинаған деректерге сәйкес, микроқаржы ұйымдарының облигацияларын сатып алатын инвестордың портреті біршама өзгеше. Әдетте бұл — ірі қалаларда (Алматы, Астана, Шымкент) тұратын, орташа табысы 500 мың теңгеден асатын 28-50 жас аралығындағы азаматтар.

Олардың 40%-ға жуығы — жаңадан бастаушылар немесе қор нарығындағы тәжірибесі бір жылдан аспайтын, ал инвестиция көлемі орташа есеппен 500-ден 5 000 мың АҚШ долларына дейінгі шектерде ауытқитын инвесторлар.

Бұдан бөлек, МҚҰ облигацияларына инвестиция салуды таңдаған инвесторлардың 40%-дан астамы бұған дейін акцияларға немесе криптовалютаға инвестиция жасап көрген, ал 70%-дан астамы, сонымен қатар, қаражатын көбейту мақсатында банк депозитін таңдаған.

Неліктен инвесторлар МҚҰ облигацияларын таңдайды?

Көптеген инвесторлар үшін МҚҰ облигациялары аралық тәуекел құралына айналып отыр. Бір жағынан, акциялармен салыстырғанда, бұл бағалы қағаздардың құбылмалылығы аз, әрі тұрақты табыс әкеледі, екінші жағынан, кіру шегі бойынша қолжетімді болып қалады — жаңадан бастаушылар кейбір жағдайларда нарыққа 100 АҚШ долларынан аз сомамен де кіре алады.

Бірақ негізгі артықшылығы — жоғары табыстылығы (АҚШ долларымен 10%-ға дейін, ал банктік салымда бұл көрсеткіш 1%-ға тең). Теңгемен алғанда, бұл сан нақты орналастыру талаптарына байланысты жылына 20%-дан астам мөлшерге дейін артуы мүмкін.

Мұның бәрін былай қойғанда, қор нарығында көп жылдық тәжірибесі мен жақсы беделі бар сенімді қазақстандық компаниялар ұсынылған. Мұндай микроқаржы ұйымдары инвесторлармен ашық диалогқа дайын, есептерін жариялап отырады және халықаралық рейтингтерге ие, бұл компаниялардың бағалы қағаздарының тартымдылығына тікелей әсер етеді.

МҚҰ облигацияларына инвестиция салуға қосымша ынталандыру — инвестициялардың экономикаға тигізетін әсері. МҚҰ облигациялары қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтіп, шағын бизнесті, жеке кәсіпкерлерді және тұтынушыларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстандағы МҚҰ облигацияларының нарығы ақша тек инвестордың пайдасына ғана емес, жергілікті экономиканың дамуына да жұмыс істейтін жаңа мәдениет қалыптастырады. Мұны сенімді, табысты және ұзақ мерзімді инвестициялар мүмкіндігі ретінде қарастыратындар қатары барған сайын көбейіп келеді.

KASE деректері бойынша, соңғы екі жылда Қазақстанда МҚҰ облигацияларының 10-нан астам шығарылымы орналастырылды, ал корпоративтік қарыздың жалпы көлемі 2025 жылғы сәуір айындағы жағдай бойынша 13,8 трлн теңгені (26,9 млрд АҚШ долларын) құрады.

«Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) талдаушыларының болжамы бойынша, 2025 жылдың соңына дейін МҚҰ облигацияларын иеленіп отырған жеке инвесторлар саны 2-3 есе артуы мүмкін, бұл соның ішінде нарықта шығарылымдар желісін кеңейтіп, жоғары инфляция жағдайында капиталды сақтауға және көбейтуге ұмтылу есебінен де жүзеге асады.

Жакан Гульжан