Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да құқықтық саясатты жүзеге асыруға, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды. Сол арқылы экономиканың дамуына оң әсер ету.
Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін айтты.
Бұл қоғамдық дерттің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық деп қабылдауы. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен бекітілген. Соның аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөнінде түсіндірме сабағы өтті.
Оған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Танабаев, сотқа дейінгі тергеу басқармасының өкілі Ж.Қалеш, қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Акишев, саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков, басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары, басқармаға қарасты орталықтардың директорлары, мансап орталықтарының басшылары қатысты.
Тәлімгерлік сағат барысында тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері, мемлекетке келтірілетін залалы жайында сөз қозғалды.
Сонымен қатар, жиын қатысушыларына сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандары үшін ұстау туралы бейнероликтер көрсетіліп, онда жемқорлық салдарынан тұлғаның өмірінде қаншама көңілсіз оқиғалар орын алатыны көрсетілген.