Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бүгін бесінші аптасы. Осы уақыт аралығында акция «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» экологиялық апталарға бөлінген болатын. Әр апталық барысында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері бекітіліп берілген аумақтарды тазартты. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды. Көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынды. Ардагерлер үйінің ауласы мен қарттар үйінің аумақтарын тазартылып, абаттандырылды.
Енді бесінші «Мөлдір бұлақ» апталығы бойынша өзендер мен көлдердің маңайы, жағалауы, су арналары қоқыстардан тазартылады.
Айта кету керек, Шымкентің аумағында Бадам, Қошқар ата, және Сайрам-су өзендері мен 30-дан астам канал бар.
Жалпы, Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.