Отбасылық құндылықтарды насихаттау — ұлттық маңызы бар міндет

насихаттау

Еліміздегі отбасы институтын нығайту, қорғау, оның зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау үшін заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Биыл әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң қабылданды.

ОКҚ алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов атап өткендей, жаңа заңнамалық нормалар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға, ұрып-соғу үшін жазаны қатаңдатуға және балаларға қатысты қылмыстардың барлық нысаны үшін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге бағытталған. Сондай-ақ заңда қылмыстың алдын алуға және әйелдердің, балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар көзделген.

Аудандар, облыстар және қалалар деңгейінде қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету үшін отбасын қолдау орталықтары құрылады. КММ нысанында 40 орталық жұмыс істейді, 2025 жылға дейін 192 орталық болады.

2023-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді грантты іске асыру шеңберінде отбасылық соттар жанынан «Бақытты отбасы» отбасын ресурстық қолдау орталықтары» құрылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты — ажырасуды бастаған ерлі-зайыптыларға психологиялық, заңгерлік консультациялық көмек алуға мүмкіндік беру арқылы отбасы институтын нығайту, татуласу құралдарын белсенді қолдану арқылы некені бұзу санын азайту.

Отбасылық саясатты іске асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу үшін қазақстандық қоғамдық даму институтының құрылымында отбасы институтын және гендерлік саясатты зерделеу орталығы жұмыс істейді. Осы жылы орталық кезекті «Қазақстандық отбасылар» Ұлттық баяндамасын дайындап, әлеуметтанулық зерттеулер жоспарлайды. Сонымен қатар жыл сайын белгілі демографтардың қатысуымен отбасылық және гендерлік саясаттың өзекті мәселелері бойынша Халықаралық ғылыми конференция өткізіледі.

Дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды ілгерілету және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін қалыптастыру үшін жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. 10 жыл ішінде байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңға жуық отбасы қатысты. Сондай-ақ жыл сайын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әкелер Одағы» РҚБ-мен бірлесіп Әкелер форумы өткізіледі. Халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорымен, БҰҰ Халық қорымен жұмыс жүргізілуде.