«Наурызнама» – жаңару мерекесі

Наурызнама

Наурыз Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының тереңінен бастау алады. Ол-қазақ халқының өмірін бейнелеу, жоғары рухтың, ұлттық мәдениет пен өнердің, салт-дәстүрлердің өзегі.Біздің ата-бабаларымыз көктемгі күн мен түннің теңелу күнін «Ұлы халық күні» деп  атап, терең тамыры бар мереке, бірлік пен өркендеу мерекесін тойлаған. Наурыз -күн күнтізбесі бойынша жаңару және жаңа жылдың басталуы мерекесі. Ол көптеген Азия халықтарында, атап айтқанда, ежелгі уақытта Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан мемлекеттер арасында болған. Бұл күні табиғат оянып, жақсылық пен рақым жерге түседі және адамдардың үйіне ешқандай зұлым рухтар ене алмайды деп саналады. Биыл ҚР Президенті көктемнің  және жаңа жылдың басталуын бейнелейтін ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мерекелердің бірін атап өтудің жаңа форматын  ұсынды. Қазақстандықтар наурызды он күн бойы  –   14 –  23 наурыз аралығында тойлайды. Онкүндік «Наурызнама» деп аталды.

14 марта — Көрісу күні — Амал мерекесі

15 марта — Қайырымдылық күні

16 марта — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17 марта — Шаңырақ күні

18 марта — Ұлттық киім күні

19 марта — Жаңару күні

20 марта — Ұлттық спорт күні

21 марта — Ынтымақ күні

22 марта — Жыл басы

23 марта — Тазару күні

«Наурызнама» онкүндігі Наурыз мерекесіне Жаңа рух пен мән беруге арналған мәдени және дәстүрлі іс-шаралардың алуан түрлілігін бейнелейді. «Науырызнама» кезеңінің әр күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Қайырымдылық пен мәдени іс –   шаралардан бастап Ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін Наурызнамның онкүндігі қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет Комитеті, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Орталық музейі және Алматы қаласы музейлер бірлестігі  «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесіне орай  дәстүрлі «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II Халықаралық ғылыми форум болып өтті. Форум «Тәрбие басы –   тал бесік » этнографиялық көрме таныстырылымымен басталып, өз жұмысы барысында түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауды мақсат етті. Түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру форум барысының негізгі міндеттерінің бірі болды. Халықаралық форумның «Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасы: Музей қор коллекцияларын қалыптастырудағы құндылық негіздері ғылыми-практикалық аспектілері» секциясының жұмысына  қатысып, арнайы ТҮРКСОЙ –  Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының арнайы сертификаттарымен марапатталды.

ҚР құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, «Ұлы Дала Елі» орталығының директоры   Г.Дюсенбаева