«Нәрлен» 17 жыл нарықта

Нәрлен

       «Қарқын-2030» – сиыр, жылқы және құс етінен (NӘRLEN брендімен) шұжық шығаратын, заманауи технологияларды, жоғары сапа стандарттарын ұсынатын Қазақстанның ет өңдеу саласындағы жетекші өндіруші компания. Кәсіпорын 2009 жылы наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы), Қазығұрт ауданының Қақпақ ауылында ашылған.  Құрылған жылы компания 300 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, шұжық және ет тағамдарын өндіруге мамандана бастады. Кәсіпорын жетекшісі Нурмахан Абдибаев бүгінгі күні 850-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

       Компания өндірісінің барлық циклі халал стандарттарына сәйкес келеді және Қазақстанның Халал индустриясы қауымдастығымен сертификатталған. Компания шикізат сапасына ерекше назар аударады және өз ингредиенттерін пайдаланады. Яғни, шұжықтар үшін қолданылатын етті өздері өсірген мал етінен дайындайды және өз жайылымдары бар, бұл өндірісті шикізатпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, барлық санитарлық және халал стандарттарына сай келетін арнайы салттық мал сою орны, заманауи жабдықтармен жабдықталған зертхана жұмыс істейді. Компанияның өнімдері MULTIVAC SEPP HUGGENMÜLLER, Laska Gesellschaft mbH, Albert Handtmann Maschinenfabrik GmbH & Co және MATIMEX сияқты әлемге әйгілі өндірушілердің заманауи неміс және австриялық жабдықтарын пайдаланып шығарылады.

       Ел нарығында көш бастап тұрған шұжық және ет өнімдерін өндіретін «Қарқын – 2030» ЖШС тәулігіне 50 тонна өнім өндіреді. Отандық алып сауда орталықтарымен келісім-шартқа отырған қазығұрттық компания еліміздің түкпір-түкпіріне өнімдерін жіберіп, тұрақты тұтынушыларын тапқан. NӘRLEN өнім желісінің негізгі тұтынушылары – Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтары: Шымкент, Алматы, Тараз және Атырау. Жақында Кемерово және Барнаул сияқты Ресей қалаларының тұрғындарына да жеткізіле бастады.

      2023 жылы «Ұлттық өнім» атты тауарлар көрмесінде шұжық өнімдерінің атауын көрместен дәмін бағалау кезінде, Narlen өнімі «Халық таңдауы» ретінде танылды. Сондай-ақ, былтыр Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында «Қарқын-2030» Narlen компаниясының бас директоры Әбдібаев Нұрмахан Махаматжанұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.