Облыстағы 750-ге жуық мектеп жедел басқару орталықтарына қосылады

Ағымдағы жылы Түркістан облысындағы 750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына қосу жоспарланған. Түркістан облысындағы мектептердің 60%-ы жедел басқару орталықтарына қосылды.. Түркістан облысында 943 мектептің 563 камерасы Жедел басқару орталықтарына қосылды. Бұл жалпы мектептердің 60%-ын құрайды. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына шығару жоспарланып отыр. Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен.

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық жерде шаралар қабылдау, барлық оқу орындарында ішкі құлыптары бар құлыптарды, күзет қызметіне мемлекеттік лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарының күштерін орнату, сондай-ақ кіруді бақылау жүйелерін орнату, полицияның кезекші бөлімдері мен учаскелік пункттеріне шығатын дабыл батырмасын қосу, сондай-ақ ғимарат бойынша автономды сигнализация орнату ұсынылады. Сондай — ақ, білім беру ұйымдарында бейнекамералардың шолуымен қамтылмаған орындарда қосымша бейнекамералар орнату, білім беру мекемелерінің бейнекамераларын Жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімдеріне, полицияның учаскелік пункттеріне қосу қажет, — дейді жауаптылар. Айта кетейік, аталмыш «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы Түркістан облысында білім беру қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша рәсімдер толық автоматтандырылған. Өңірде білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасуға арналған бірыңғай портал жұмыс істейді. Барлық бос орындар enbek.kz сайтында жарияланады. Өткен жылы аталмыш бағдарлама аясында 8 490 үміткер жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес, Түркістан қаласында 8 негізгі бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, қаланы басқару, қауіпсіздік, көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс. Қазіргі таңда негізгі 48 бастаманың басым бөлігі орындалып, іске асқан.
Ntime.kz