Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың нәтижесімен Мемлекеттік бюджет жоспарын 102,4% орындады деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоспар 230 млрд 256 млн теңге болса, нақты түсім 235 млрд 744 млн теңгені құрады. Облыстық департамент 2020 жыл қорытындысымен Мемлекеттік кірістер органдары қызметтерін бағалау тиімділігінің көрсеткіштері бойынша елімізде 17 аймақтың ішінде 1 орынға қол жеткізді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин мәлімдеді.
«Пандемияға байланысты бюджеттің кірісіне төленуі тиіс 8 млрд 771,8 млн теңге сомадан салық төлеушілер босатылды. Одан басқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, Түркістан облысы бойынша 2020-2022 жылдарға микро және шағын бизнес субъектілері – 4 млрд 877,1 млн теңге, дара кәсіпкерлер – 8 млрд 948 млн.теңге және әлеуметтік салық – 3 млрд 208,2 млн. теңге түсімдер бойынша салықтан босатылды. Аталған салықтардың орнын толтыру мақсатында және мемлекеттік бюджеттің кіріс жағын ұлғайту бағытында Департамент тарапынан 2020 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қосымша кіріс көздерінен 40 млрд 675 млн теңге анықталып, өндірілді», — деді Дулат Нұрахметұлы.
Одан басқа, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексіне сәйкес, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оған теңестірілген тұлғалар, мүгедектер мен көп балалы жанұяларды қоса есептегенде Түркістан облысы бойынша 2020 жылға жеке тұлғалардың көлік салығынан 42 307 салық төлеуші 632,3 млн теңге, мүлік салығынан 50 472 салық төлеуші 32,6 млн.теңге, жер салығынан 59 239 салық төлеуші 67,5 млн теңгеге салықтан босатылған.
Облыс бойынша 2020 жыл қорытындысымен 1 083 355 қызмет көрсетілсе, оның 76,7%-ы электронды түрде көрсетілген. Биыл Департаментке республикалық 1414 «Бірыңғай Байланыс орталығының» функциясы беріліп, Түркістан облысының салық төлеушілерінің өтініштері қабылданып, өңделуде. Өткен жылдың тамыз-желтоқсан айларында Департаменттің 1414-желісіне облыс тұрғындарынан 9 068 сауал түсіп, қанағаттандырылған.
Департамент госдоходов Туркестанской области по показателям лидирует в республике
Департаментом государственных доходов по Туркестанской области по итогам 2020 года выполнен план государственного бюджета на 102,4% передает региональная служба коммуникаций Туркестанской области.
При плане 230 млрд 256 млн тенге фактическая выручка составила 235 млрд 744 млн тенге. По итогам 2020 года областной департамент по показателям эффективности оценки деятельности органов государственных доходов, занял 1 место среди 17 регионов страны. Об этом на брифинге сообщил руководитель Департамента государственных доходов по Туркестанской области Дулат Нурмолдин.
«В связи с пандемией налогоплательщики региона освобождены на сумму 8 млрд 771,8 млн тенге, подлежащую выплате в доход бюджета. Кроме того, в соответствии с Посланием Президента РК Касым-Жомарта Токаева по Туркестанской области на 2020-2022 годы субъекты микро и малого бизнеса – 4 млрд 877,1 млн тенге, индивидуальные предприниматели на 8 млрд 948 млн тенге и по социальному налогу -3 млрд 208,2 млн тенге освобожден от налогов по поступлениям. В целях возмещения указанных налогов и увеличения доходной части государственного бюджета Департаментом в 2020 году в результате проведения работы по налоговому и таможенному администрированию из дополнительных источников доходов выявлено и взыскано 40 млрд 675 млн тенге», — сказал Дулат Нурахметулы.
В соответствии с Налоговым кодексом РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» по Туркестанской области на 2020 год, включая ветеранов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним, инвалидов и многодетных семей, 42 307 налогоплательщиков составили 632,3 млн. тенге, 50 472 налогоплательщика — это 32,6 млн. тенге, освобождены от уплаты земельного налога 59 239 налогоплательщиков на сумму 67,5 млн тенге.
По итогам 2020 года по области оказано 1 083 355 услуг, из них 76,7% в электронном виде. В этом году Департаменту переданы функции республиканского «Единого Контакт-центра» 1414 и теперь принимаются и обрабатываются обращения налогоплательщиков Туркестанской области. В августе-декабре прошлого года на линию 1414 департамента поступило и удовлетворено 9 068 запросов от жителей области.