«Орталық азия» халықаралық орталығы ашылады

Қазақстан – Өзбекстан шекарасында «орталық азия» халықаралық орталығы ашылады

Мақтаарал ауданын көрші елмен байланыстырып тұрған үш шекара өткізу бекеті жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария», «Целинный» шекара өткізу бекеттері арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері барыс-келіс жасауда. Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарындағы 4 ауданмен шектеседі. Осындай географиялық мүмкіндікті пайдаланып ауданда Өзбекстан Республикасымен сауда-саттықты дамыту үшін халықаралық сауда кешенін құру өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылы «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру туралы тапсырма берген болатын.  Биылғы жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейітілген отырысында Үкімет басшысына «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесін жеделдетуді тапсырды.

Осыған байланысты ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, шекара маңындағы бекеттердің жұмысымен танысты. Министрдің іссапарына Өзбекстан Республикасының осы салаға жауапты вице-министрлері де қосылды. 

Министр мен басқарма басшысы «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерін арнайы барып көріп, халықаралық сауда орталығын құру үшін нысандардың мүмкіндіктерін қарап шықты. Аудан әкімі Бақыт Асанов бекеттердің жұмысы мен мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Мәселен, «Целинный» шекара өткізу бекетіне жақын маңда «Сапар» сауда базарын халықаралық деңгейде дамытуға болатынын айтты.

«Мақтаарал ауданында Ұлы жібек жолының бір тармағы саналатын М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы магистрал дәлізі бар. Осы автомобиль жолының потенциалын пайдаланып, өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндігіміз зор. Мәселен, бір кездері халықаралық деңгейде қызмет көрсеткен бетонканың бойындағы «Сапар» базарын халықаралық деңгейде қайтадан дамытсақ – өңірде мыңдаған адамды жұмыспен қамти аламыз»,  – деді Бақыт Асанов.

«Сапар» базарында модернизациялау жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ол үшін базар иесінің жеке есебінен 100 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалған. Нәтижесінде ұтынушыларға жағдай жасалып, қосымша 100 адам жұмыспен қамтылды.

Министрдің соңғы аялдағаны – «Атамекен» кедендік бекеті. Бұған дейін көрші елге өтпекші болған жүк көліктері кедендік бекет маңында кептеліске ұшырап, жол қатынасын қиындата түскен еді. Мәселені шешу үшін кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспары жасалды. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделген болатын. Қазіргі таңда автотұрақ пайдалануға берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің есебінен басқа да нысандар салынуда.

Министр Бақыт Сұлтанов «Орталық Азия» халықаралық сауда орталығын құру үшін таңдалатын бекет туралы жан-жақты зерттеліп, жоспар құрылып, шешім шығарылатынын айтты. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

*******************************************************************************

На казахстанско–узбекской границе откроется международный центр «центральная азия»

         Функционируют три пограничных пункта пропуска, соединяющих Мактааральский район с соседней страной. В частности, через таможенный пост «Атамекен» и пограничные пункты пропуска «Сырдарья»«, «Целинный» ежедневно курсируют сотни легковых и грузовых автомобилей. Мактааральский район граничит с 4 районами, в том числе с Сырдарьинской и Джизакской областями Узбекистана. Пользуясь такой географической возможностью, очень важно создать в районе международный торговый комплекс для развития торговли с Республикой Узбекистан.

         Первый Президент Республики Казахстан — Елбасы Н.Назарбаев дал поручение о создании в 2018 году Центра международного торгово-экономического сотрудничества «Центральная Азия». 26 января текущего года на расширенном заседании Правительства под председательством Президента РК Касым-Жомарта Токаева глава правительства поручил ускорить создание данного Центра.

         В связи с этим, министр торговли и интеграции РК Бахыт Султанов и руководитель областного управления предпринимательства и торговли Нурбакыт Иманкулов с рабочим визитом посетили Мактааральский район, где ознакомились с работой приграничных пунктов. К рабочей поездке министра присоединились и вице-министры Республики Узбекистан, ответственные за эту сферу.

         Министр и руководитель управления побывали на пограничных пунктах пропуска «Целинный» и «Сырдарья», осмотрели возможности объектов для создания Центра международной торговли. Аким района Бахыт Асанов подробно рассказал о работе и возможностях пунктов. К примеру, вблизи пограничного пункта пропуска «Целинный» торговый рынок «Сапар» можно развивать на международном уровне.

         «В Мактааральском районе проходит магистральный коридор М-39 «Ташкент – Термез», являющийся одной из ветвей Великого Шелкового пути. Используя потенциал этой автомобильной дороги, мы имеем возможность развивать торговлю в регионе на высоком уровне. К примеру, если развивать на международном уровне рынок «Сапар», тогда мы сможем обеспечить работой тысячи человек в регионе», — сказал Бахыт Асанов.

         Отметим, модернизация рынка «Сапар» была проведена в 2019 году. На эти цели владелец рынка направил более 100 млн. тенге собственных средств, дополнительно трудоустроив 100 человек.

         Также министр посетил таможенный пост «Атамекен». Ранее грузовики, пытающиеся пересечь границу в направлении соседней страны, образовывали затор возле таможенного поста, что затрудняло движение. Для решения этого вопроса разработан план благоустройства, озеленения, расширения зоны таможенного поста. В частности, было предусмотрено создание приграничного торгового логистического центра, в том числе строительство торговых рынков, гостиниц, автостоянок, складов, жилых домов и различных спортивных площадок. В настоящее время автостоянка введена в эксплуатацию. Кроме того, за счет предпринимателей строятся и другие объекты.

         Министр торговли и интеграции РК Б. Султанов отметил, что для принятия решения по созданию Международного центра торгово-экономического сотрудничества «Центральная Азия», будут детально изучены пункты пропуска и составлен план.

         Пресс-служба акима Туркестанской области