Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сырласу» тақырыбында «Авиценна» медициналық колледжінің оқытушы мамандарымен психологиялық кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Қыз балалардың тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтырды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту және де отбасындағы тұрмыстық зорлық- зомбылық факторларын азайту бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға: Жастар ресурстық орталығының “Психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс” бөлімінің психолог маманы Сайдахан Жібек және Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Бектемисова Гульвира қатысты.
Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.
Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.
Сондай-ақ жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт мекені» тақырыбында Орта Азиялық жоғары медициналық колледжінің жастары арасында кездесу өтті.
Іс-шара жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу және де тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында өтті. Жоғарыда аталған спикерлер жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы зорлық-зомбылыққа тоқталды. Кездесу әрмен қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, қыздар арасындағы өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасылды.