Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл барлығымыз үшін үлкен қуаныш, зор мерей. Себебі, балалар – біздің бақытымыз. Сондықтан да биыл елімізде атаулы жылға орай қаншама іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұлардың барлығы да балаларымыздың бақытты балалық шақтары үшін, олардың терең білім алуымен қатар, өнерге, спортқа талпынулары үшін жасалынып жатыр.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Жастардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру құқықтық тәрбиеге байланысты.
17.10.2022 жылы республикалық «Участок» және «Мотокөлік» профилактикалық іс-шаралар аясында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-на қарасты 50 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанттары Сапарбек Ештай және Ерлан Махсудов №96 мектепке барып, оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын жетілдіру мақсатында олармен кездесті.
Полиция қызметкерлері оқушыларға қиын жағдай туындаған кезде ата–аналар, мұғалімдер және кәмелет жасына толмаған ісі жөніндегі инспекторларға (полицияға) жүгіну қажет екенін түсіндірді. Себебі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар балаларға көмекке келуге әрқашан дайын.
Полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтық білімді жан-жақты меңгеріп, әрқашан заңға бағынатын азамат болып қалуларын тіледі.