«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, облыстың барлық аудандарында «Парасат» дискуссиялық клубы пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Аталған жоба облыс, аудан, аймақтағы күштік құрылым басшыларының тұрғындармен кездесулерін, ашық әңгімелесулерін қамтамасыз етеді.
«Парасат» пікірталас клубынының негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету. Қазіргі таңда «Парасат» пікірталас клубының құрамына сайрамдық ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардан, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерінен, депутаттардан және жастар қауымынан 43 азамат енген. Сонымен қатар клуб отырыстарының күн тәртібіне сай жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып жүр.
Пікірталас клубының әрбір отырысында аудан тұрғындары үшін ең өзекті мәселелер ортаға салынады. Талқыланады. Шешімін табады немесе заң шеңберінде тиісті орындарға жолданады.
2022 жылдың басында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында «Парасат» пікірталас клубынының VI кезекті отырысы өткен болатын Күн тәртібінде жастар тәрбиесіндегі олқылықтарды шешу жолдары және Қарабұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сайрам ауданында бастау алған «Парасат» пікірталас клубының жұмысы үлгі ретінде алынып, кездесулер облыстағы барлық, аудан, қалаларда жалғасатындығын жеткізді. Енді «Парасат» пікірталас клубының келесі отырысында қаржы пирамидасы, жедел қаржы беру мекемелерінің заңсыз әрекеттері талқыланады.
Пікірталас клубында талқыға салынған тағы бір өзекті мәселе – ертежүктілік пен суицид. Сайрам ауданы бойынша өткен жылы аутодеструктивті мінез-құлық (суицид) бойынша 14-29 жас аралығында тіркелгендер саны – 72. Оның ішінде талпынғаны – 53, аяқталғаны – 19. Ал биылдың 2 ай көлемінде үш оқиға тіркелген. Өткен жылы суицидтің алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 53 жас райынан қайтты, екінші рет осындай оқыс жағдай бұл жастар тарапынан орын алмады. Өткен жылы аудан аумағында ертежүктілік бойынша 55 факті тіркелген.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдерге еститін үкімет қағидасын қолдану жөнінде тапсырма берген. Содан бері әкімдер халықпен кездесу форматын өзгертті. бұрынғыдай жылына бір емес бірнеше рет кездесетін болды.. Парасат пікірталас клубы деген атпен өткен жиында халық белсенділік танытуда.
Айта кетейік, аталмышщ клуб облыстың барлық аудандарыынан құрылып, тұрғындардың талап тілегін тыңдауда. Тиісінше халықтың көкейіндегі мәселелер өз шешімін тауып, тұрғындар тарапынан зор ықыласқа бөленіп, көптің алғысына бөленуде.
Ntime.kz