Түркістан облысы аумағында 09-16 қазан аралығында экология саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Яғни Түркістан облысы полиция департаментімен өткізілген бұл шара қалалар мен елді мекендердің айналасында рұқсат етілмеген орындарындарға қоқыс тастау фактілерін болдырмау мақсатында жүргізіліп отыр.
Мәселен, Сарыағаш қаласының аумағында және оған қарасты елді мекендерде тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тастау бойынша 1-факт, заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша жыл басынан бері 14-факт анықталды.
Аталған фактілер бойынша заңды шешім қабылдау үшін іс-құжаттар Экология департаментіне жолданды. Сонымен қатар жүккөліктерімен арнайы техникалар айыптұраққа қойылып, ескертулер берілді.
Ал браконьерлік деректері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен «Балық аулау және яғни броконерліктің алдын алу» 23-дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі