Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады

Полиция

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдікті жігітті қолға түсірді.

Белгілі болғандай, үй иесінің жоқтығын байқаған күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесі арқылы кіріп, ұрлыққа барған. Жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті қолды еткен. Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 500.000 теңге.

Сондай-ақ тексеру барысында полицейлер күдіктілердің тағы бір ұрлық қылмысына қатысы барын анықтады.

Қырағы полицейлердің арқасында бағалы заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда екі күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

Түркістан облысы ПД