Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында елордалық прокурорлар Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ғимаратында қан тапсыру акциясын ұйымдастырды.
Астана қаласының прокурорлары мұқтаж жандарға өмірге үміт сыйлап, қан донорлары болды.
Акцияға елорда прокуратурасының, Астана қаласының аудандық прокуратураларының қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері қатысты.
Айта кету қажет, прокуратура қызметкерлері арасында тұрақты қан тапсырушылар бар.