Бүгін, қала прокуроры Ғабит Мұқановтың тапсырмасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуы бойынша кезекті мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске бақылаушы және жергілікті атқарушы органдарының басшылары, сауда орталықтары мен базарларының өкілдері және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.
Жиында 2022 жылғы 16 наурызда осы тақырыпта өткен кеңейтілген алқа мәжілісі шешімінің орындалуы талқыланды.
Бақылаушы және жергілікті атқарушы органдар басшылары атқарған жұмыстары мен заң бұзушылыққа жол бермеу бойынша қолданған шаралары туралы есеп берді.
Бұл бағыттағы әкімдік пен уәкілетті органдар бірқатар жұмыстарды атқарғанын ескерген жөн.
Осы орайда қала прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік объектілерде қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында жұмысты жандандыруды ұсынды.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық қызмет көрсету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
«Бұлшық ет атрофиясы» диагнозымен есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі балаларға осы дертті емдеуге арналған «Спинраза» екпесін жеделдету тапсырылды.
Мәжіліс қорытындысымен қала прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, барлық қолданған шаралармен шынайы оңды нәтижеге қол жеткізу қажеттігін ескертті.
Алдағы уақытта осындай мәжілістер тоқсан сайын өткізілетін болады.
Шымкент қаласының прокуратурасы