«Ол күнгі уайымымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Баламның қызметінің қауіпті екенін біліп жүрсемде, сол күні ерекше жағдай екенін сезіп, қатты алаңдадым, тек еліне адал қызмет етіп жүргендігі ғана көңіліме медет болды»-деп Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психолог мамандарымен кездесуде өз сөзін бастаған Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Кузжан Нұрланның анасы Торғынай апамыз, елде мұндай жағдайдың қайталанбауын тілейтіндігін айтты. Бұл сөздерді мамандармен кездесу кезіндегі елімізде ағымдағы жылдың қаңтарында орын алған дүрбелең кезінде өртті сөндіруге атсалысқан өрт сөндірушілердің отбасы мүшелерінің әрбірінен естуге болатын еді.
Бұл кездесуді өрт сөндіру қызметінің писхолог-мамандары сол кезінде қауіпке қарамастан, антына адалдық танытып, өз міндеттерін мінсіз атқарған қызметкерлердің отбасыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырған болатын.
Отбасы мүшелерімен жеке әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы психологтарымыз үрейді сейілту жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыс аса маңызды болғандықтан тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Л. Құдайбергенова Психологиялық қызмет тобының бас маман-психологы
азаматтық қорғау майоры