Түркістан облысының Әділет департаменті Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінде Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Шара барысында Конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне енгізілгелі отырған бірқатар өзгерістер жайын түсіндірді. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Өзгерістер қатарында басқа да үлкен-үлкен мәселелер бары айтылды.
— «Алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн деп ойлаймын. Өйткені қоғам арасында күрмеуі күрделі мәселелер де бар. Сол себепті Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдап отырғаны анық. Сондықтан 5 маусым күні әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орындауы тиіс. Себебі еліміздің болашағының дамуы тікелей осы референдумға байланысты болып отыр. Сол себепті ел үшін жаны ашитын әр азамат осы референдумға қатысу керек деп ойлаймын»,- деді Департамент басшысының орынбасары Балжан Алипбек.
Түркістан облысының Әділет департаменті