Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Серік Досымханұлы Құсайынов Алматы әкімінің өкімімен Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы Алматы облысында туылған. Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.
Мемлекеттік басқару жүйесінде едәуір жұмыс тәжирибесі бар.
Түрлі жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Осы тағайындауға дейін Алматының Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс жасады.