Сайрам ауданының жас сарбаздары облыстық сайыстың 2 орын иегері атанды

жас сарбаздары

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарының патриоттық рухын көтеру болып табылады. Жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді ояту біздің парызымыз.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жас сарбаздар арасында облыстық “Біз жауынгер” сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты — қатысушылардың физикалық дайындығын, ерік-жігерін, тактикалық ойлау қабілетін, командалық жұмысын дамыту. Сондай-ақ, жастарды тұлғалық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеу, сайыс барысында қатысушылардың түрлі әскери тапсырмаларды орындауы арқылы жедел шешім қабылдау дағдыларын тексеру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы іс — шаралардың бәрі әрқашан жастардың патриоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге және оның тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Демек, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндеті болып табылады. «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқу бағдарламасының негізгі мақсаты: саптық, тактикалық, атыс, медициналық дайындық, топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге ықпал жасау.

Әскерилендірілген эстафета, садақ ату, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағын кигізу және газқағарды кию, АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау сынды 4 кезеңнен тұратын сайысқа аудан, қалалық мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Жарыс жеңімпаздарын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы марапаттады.

Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар:

Бас жүлде — Кентау қаласы

1-орын — Сарыағаш ауданы

2-орын — Сайрам ауданы

3-орын — Арыс ауданы иеленсе, ынталандыру сыйлықтары қалған аудандарға табыс етілді. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!