Қай ел болмасын өсіп өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екені белгілі. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Білім берудегі басты мақсатымыз жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игерудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған білікті маман, шебер мұғалім қажет. Міне осындай мақсатта Шымкент қаласының №132 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Каштанова Улсуер Сайдикаримовна ұстаздарын әрдайым жаңашылдықта шығармашылық табысқа жетуіне ерекше ықпал етуге, «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс жүргізуде. Әрбір оқу жылында директорымыз Улсуер Саидикаримовна бірнеше мұғалімді «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бюджеттік негізде ұйымдастырған курсына қатысуға мүмкіндік бергені ұстаздарының жаңашыл болуына ерекше жағдай жасағаны деп ойлаймын.
Биылғы 2022-2023 оқу жылының басында Шымкент қалалық мектеп мұғалімдері құрамымен құралған Шымкент қаласының ұстаздары Өрлеу» біліктілік арттыру институтының аға оқытушысы, кураторымыз Кенжехожаева Ләззәт Шакимардановнаның өткізуімен 12.09.2020-23.09.2022 күндер аралығында «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбымен біліктілік арттыру курсына қатыстық.
Біліктілік арттыру курсында бала жүрегіне әсерлі серпіліс жасайтындай білім беру әдістерін меңгердік. Оқушыларды еліміздің тарихы мен тәуелсіздік таңы туралы жазылған көркем әдебиеттердің жаңа туындыларымен таныстыру әдістерімен ой бөлісу сәттері ерекше болды. Кураторымыз Кенжехожаева Ләззәт Шакимардановна өткізген әрбір дәрісі шәкірттеріміздің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында болуы шарт екендігін ескертіп, тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған, тарихи құнын терең қадірлеуіміз қажеттігін оқушыларға әсерлі баяндау жолдарын үйрете білді. Сабағымыздың мазмұнды, мағыналы өтуіне, оқушылардың білімін бағалау сәтіне қатысты әдіс-тәсілдерді игере білдік. Осы біліктілік курсында топтық жұмыстардың тиімділігін жете меңгердік. Біліктілік көтеру барысында алған тәлім-білімімізді қолдану барысында, қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра болып қалғаны басты игілік деп білуге міндеттілігімізді — жас жеткіншектерге әрбір сабағымыздың мазмұндылығымен жеткізе білу шеберлігімізбен ұштасатыны айқын. Сондықтан «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылығына және кураторымыз Кенжехожаева Ләззәт Шакимардановнаға алғыс білдіреміз.
Киелі жеріміздің қойнауындағы бар байлығымыз көзіміздің қарашығындай сақтай білу парызымыз екендігін жас ұрпаққа ұғындырып, жүрегіне ұялату, ұлағатты ұстаздар, біздің мақсат-міндетіміз! Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!
Шымкент қалалық №132 ЖОББ мектептің тарих
пәнінің мұғалімі Байғазиева Алтынкүл Әліпбекқызы