Сайрамдық спортшылар АЭС салуды қолдайды

спортшылар

Ауданымызда АЭС салуға қатысты қолдау пікірлері көбейіп келуде. Себебі, оның пайдасы мен артықшылықтары ғылымға сүйене отырып, жиі айтылып келуде. Яғни, Атом энергиясын экспорттаудың арқасында экономика гүлденеді, инновациялық жобалар көбейеді әрі дамиды. Атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолдана отырып, еліміздің халықаралық аренадағы позициясы нығаяды. Атом энергиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Сондай-ақ уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Осы мәселелерді қоғамдық жылы қабылдап жатқандығы қуантады.
Осы мақсатта арнайы эксперттердің, қоғам белсенділерінің қатысуымен Ақсу ауылы, «Қайрат» спорт кешенінде спортшылар мен жатттықтырушылар арасында кездесу өтті.
Онда АЭС салудың артықшылықтары, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға мен адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпарат берді.
«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы», – деп атап өтті, «Ядролық полигонның ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Ирисметов.
Кездесу соңында қатысушылар «6 қазанда жасайтын таңдауымыз әрі қарайғы экономикалық өркендеуіміздің негізі болады. Біз күнделікті тұрмыста электр энергиясынан қуат алып келеміз, енді елімізге қуат беретін сәт туды», – деп тарасты.