Елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.
Ұлы Абайдың сөзіне қай кезде де құлақ түргеніміз жөн. Дана бабамыз Абай қырық үшінші қара сөзінде: «Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс» деп айтады.
Алда келе жатқан сайлауда әрбіріңіздің дауысыңыз маңызды. Қазақта “Қосылғанның — қолы ұзын, Қос керуеннің — жолы ұзын”, — деп бекер айтылмаған.
Абайдың насихаты, бізге беріп отырған ақыл-кеңесіне жүгінетін болсақ, сындарлы сәтте бірлігіміз ауадай қажет.
Осы орайда, баршаңызды сайлауға белсене қатысуға шақырамын. Еліміздегі өзгерістерді бірге жасайық!
Насиба АТАЕВА,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Яссы Құрылыс» ЖШС директоры