«Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» тақырыбында кітапханашылармен өткен семинар-тренинг

сарқылмас

Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі- Сәкен  Сейфуллин. Ақын  проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.

Сайрам ауданында С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Мақсаты – ақынның шығармаларын таныту, есімін құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Іс-шара аудандық білім бөлімінің «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм» тақырыбында бекіткен онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес, №3 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылған.

Аудандық білім беру ұйымдарындағы кітапханашылар қатысты. Семинардың ашылуында аталған мектеп директоры Э.Адахамов сөз сөйледі.

Білім ұясының кітапханашылары ақынның туындыларына арналған кітап көрмесі мен қолөнер бұйымдарын таныстырып, кітапхана тарихын баяндады. Оқушылармен бірге тақырып аясында өлеңдер оқып, мазмұнын жеткізді.

Жиын барысында психологтар жағымды ахуал қалыптастыру бойынша тренинг өткізді.

Шара соңында кітапханашылар озық тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан маңызды ұсыныс-пікірлер айтылды.

Кітапханадағы бүгінгі күн талабына сай атқарылып отырған тәлімдік жұмыстар жайлы насихатталды.

Алдағы уақытта семинарда қатысушылар тақырып аясында алған білім-біліктерін тәжірибеде қолданып, кітапхана жұмысын одан әрі жандандыратын болады.