2025 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының Полиция департаментімен есірткі қылмысының 40 дерегі анықталды. Оның ішінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтаудың 8 дерегі, сатудың 3 дерегі, есірткі өсірудің 2, есірткіні насихаттау және жарнамалаудың 1 дерегі анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың 1 фактісі анықталды.
Синтетикалық есірткі өндіретін лаборатория ұйымдастырған 4 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Тараз қаласында «Үнді марихуанасын» өсіретін фитолабораторияның жолы кесілді.
Бір ғана айдың ішінде заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.
Синтетикалық препараттардың таралуына қарсы күрестің тиімді әдістерінің бірі — әлеуметтік желілерге мониторинг. Осы жылдың қаңтар айында «Кибернадзор» арқылы бұғаттауға 107 интернет-сайт анықталды.
Ерекше басымдық есірткі қылмыстарының алдын алуға берілуде.
Мүдделі органдармен бірге жоғары және орта оқу орындарында 113 профилактикалық іс-шара өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 191 материал жарияланды.