Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ ауылындағы 320 орындық мектеп толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Нысанның шатырынан бастап жылу, электр жүйесі және есік, терезе, едені жаңартылған. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, ауласы абаттандырылған. Аталған елді мекенге аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Сондай-ақ, аудан басшысы елді мекендегі апатты жағдайда тұрған клубқа барды. Ескі ғимараттың орнына жаңасын салу үшін тиісті басқармаға аудан тарапынан қажетті құжаттар толық өткізілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі