Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялар филиалдарының басшыларының қатысуымен семинар кеңес өткізді.
Жиынға өңірлік комиссия төрағасы Ә.Тұрғымбеков, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Үмбеталиев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы Н.Әжіметов, «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» облыстық филиалының төрағасының орынбасары Н.Есенбаев, «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалы төрайымының орынбасары Т.Тұрғанбай, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Нәлібай, «Respublica» партиясы облыстық филиалының төрайымы Б.Срақұлова қатысты.
Кеңесте 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына саяси партиялардың қатысуы, партиялық тізіммен депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау жарнасы және қоры сынды мәселелер көтерілді.
Сонымен бірге, заң талаптарына сай депутаттыққа кандидаттарды ұсыну барысында туындаған сұрақтарға жауап беріліп, пікірлер ортаға салынды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі