Жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан облысының полицейлерімен үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылады. Осы тұста Отырар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі патрульдік полиция тобының қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Жандос Бимбетов пен Айбек Керімбек қызмет атқару барысында Отырар ауданы Шәуілдір ауылының көшелерінің бірінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель вектра» маркалы автокөлікті тоқтатты. Ал жол жүру қағидасын бұзған Шымкент қаласының әйел тұрғыны болып шықты. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзіліп, автокөлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар аудандық сотқа заңды шешім қабылдауға жолданды. Түркістан облысының полицейлері барлық көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін мұқият сақтап, абай болуға кеңес береді. Жол үстінде жасалған кез келген қателіктің соңы орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан тәртіпке бірдей бағынайық.
ТО ПД баспасөз қызметі