Мақтаарал АПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 23:20 шамасында профилактикалық жұмыстарын атқару барысында Мақтаарал ауданы Атакент кенті көшесінің қиылысында бұрылыс жарығын жақпай бұрылған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру мақсатында қасына барды. Полицейлер сол кезде автокөлік иесінің мас халіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас күйі анықталды. Полиция қызметкерлері автокөлік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Яғни 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» және 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру». Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданған. Бүгінде сот жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айыруға үкім етті.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.
ТО ПД баспасөз қызметі