Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың санын азайту, құқықтық тәртіпті нығайту және жедел жағдайды жақсарту, сондай-ақ Түркістан облысы аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, облыстың полиция қызметкерлері «Құқық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.Аталған іс-шара кезінде 268 қылмыс тіркелді, оның ішінде кезекші тәуліктерде 198 қылмыс ашылды, оның екеуі көшеде жасалған. Тәртіп сақшылары 748 қараусыз қалған үйді, 359 ғимарат пен үй-жайды, 862 саяжайды және 1400-ден астам басқа да объектілерді тексерді.Полиция қызметкерлері 4 атыс қаруын, оның ішінде 2 ойық және 2 газды қаруды тәркіледі, сондай-ақ есірткіні заңсыз сақтаудың 12 дерегін анықтады. Айғақты зат ретінде 1,5 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды. Полиция бөлімдеріне ерікті түрде 5 қару тапсырылды.Полиция қызметкерлері әкімшілік заңнама шеңберінде 3314 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 1213 ұсақ бұзақылық жайты және 714 қоғамдық орындарда ішімдік ішу жағдайы. Көлікті мас күйінде басқарған 47 жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді.Сондай-ақ, тіркеусіз немесе жеке куәліксіз тұрудың 1158 дерегі, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңдарын бұзудың 112 және ҚР халқының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 68 жайты анықталды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 22 жасөспірім орналастырылды. Ішкі істер органдарына есепке 1143 адам алынды.Сонымен қатар, Түркістан облысының полицейлері алаяқтықтың, бөтеннің мүлкін ұрлаудың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға, сондай-ақ өз мүлкін сақтау үшін қаіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Егер де, сіз, қылмыстың құрбаны болсаңыз немесе жасалған құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі