Түркістан облысының облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жүрек ақауымен дүниеге келген сәбиді аман алып қалды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алты сағатқа созылған күрделі отадан кейін сәбидің кеуде қуысы жабылып, кардиохирургия бөліміне ауыстырылған.
Туғанына небәрі үш күн болған нәрестеге жоғары технологиялық бірнеше ота жасалды. Соның бірі — жүрек тамырларының транспозициясын түзету операциясы. Сәбидің салмағы небәрі 2400 гр. Нәресте қалалық перинаталдық орталықтан санавиация желісі бойынша ауыр жағдайда түскен. Оған кардиохирургтар, анестезиолог және перфузиолог дәрігерлері бар бригада күрделі радикалды операция жасады. Күрделі ота сәтті аяқталды.
Туа біткен жүрек ақауын жою үшін Лекомпте маневрімен негізгі тамырларды артериялық ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде жасалған отаның арқасында сәбидің денсаулығы жақсарды. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға шығарылды. ОДБ жағдайында оңалту еміне дайындалуда. Жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жаңа туған нәрестелерге осындай 6 ота жасады.
Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жыл сайын сәбилердің ашық жүрегінде 250 операция жасалынады. Олардың 40 пайызы жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестелер. Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқыту шаралары ұйымдастырылып отырады.
В туркестанской области провели сложную операцию новорожденному
Кардиохирурги областной детской больницы Туркестанской области спасли младенца, родившегося с пороком сердца передает пресс-служба акима Туркестанской области
. После сложной операции, которая длилась шесть часов, малыша перевели в отделение кардиореанимации.
Ребенок поступил из городского перинатального центра в тяжелом состоянии по линии санавиации. Несмотря на маленький вес ребенка – 2400 грамм, трехдневному ребенку бригада кардиохирургов провела сложную высокотехнологичную операцию — артериальное переключение магистральных сосудов с маневром Лекомпте по устранению врожденного порока сердца.
По словам врачей, благодаря своевременной операции здоровье малыша ни чего не угрожает. На сегодняшний день ребенок выписан, готовится на реабилитационное лечение в условиях ОДБ. С начала года кардиохирурги областной детской больницы провели 6 подобных операций новорожденным.
По данным областного управления общественного здравоохранения, в кардиохирургическом отделении Туркестанской областной детской больницы ежегодно проводится 250 операций на открытом сердце у детей. 40 процентов из них — новорожденные со сложными пороками сердца. В Туркестанской областной детской больнице с целью повышения квалификации врачей проводятся различные обучающие мероприятия.